Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оңтүстік Кореяның алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны апатқа ұшырады

Бүгiн, 20:33
118
Бөлісу:
 space.com
Фото: space.com

Оңтүстік Кореяның Бразилияда ұшырған алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны ұшырылған уақыттан 30 секунд өткенде апатқа ұшырады. Hanbit-Nano зымыранын ұшыру кезінде ақау шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған зымыранға 300 шақырым биіктікте орналастыру жоспарланған бес жер серігі орналастырылған.

Hanbit-Nano-ны ұшыру бастапқыда 20 қарашаға жоспарланған еді. Алайда техникалық мәселелер туындап, ұшыру уақыты үш рет кейінге шегерілген.

Егер зымыран сәтті ұшырылғанда Innospace операторы Оңтүстік Кореядағы тұтынушыға тиесілі жер серігін орбитаға шығарған алғашқы жеке компания болар еді.

Айта кетейік, екі сатылы зымыранның алғашқы сатысы тарту күші 25 тонна болатын гибридті қозғалтқышпен жабдықталған. Ал екінші сатысы сұйық метан мен оттегіні пайдаланатын қозғалтқыш арқылы жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы