Оңтүстік Кореяға баратын туристерге жеңілдіктер жасала бастады

3 Шілде 2023, 14:06
710
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяға баратын туристерге жеңілдіктер жасала бастады

Енді 17 жасқа дейінгі және 65-тен асқан саяхатшылар үшін елге кіруге электронды рұқсат алудың қажеті жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Кореяға визасыз кіре алатын елдердің азаматтарына да жеңілдіктер қарастырылған. 

Мұндай шетелдік туристердің құжаттары елде 3 жылға дейін тұрақтауға мүмкіндік береді. Билік осылайша елге келетін туристер қатарын арттырмақшы. 

Жоспар бойынша, Оңтүстік Корея үкіметі 2027 жылға қарай жылына 30 миллион шетелдік турист тартуды көздеп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы