Корея Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрі Ю Ин Чхон Үкіметінің президентке импичмент жариялауына қатысты ұстанымы мен міндеттемесін түсіндіріп, БАҚ-қа хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол президент Юн Сок Ёл оған қарсы импичмент туралы ұсыныс қабылданғаннан кейін қызметінен босатылғанын және премьер-министр Хан Док Су президенттің міндетін заңға сәйкес атқарып жатқанын мәлімдеді.
Импичмент туралы ұсыныс қабылданғаннан кейін бірден президенттің міндетін атқарушы Хан Док Су шұғыл нұсқаулар берді. Ол ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікте олқылықтардың болмауын қамтамасыз ету үшін әскерлеріміздің дайындық деңгейін арттыруды бұйырды. Барлық мемлекеттік қызметкерге азаматтарымыздың күнделікті өмірі мен экономикалық қызметіміздің бұзылуына жол бермеу үшін өз міндеттерін орындауды тапсырды. Сонымен қатар министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысы шақырылып, экономикаға, қауіпсіздікке, қоғамға және басқа да салаларға қатысты шұғыл шешілмеген мәселелер қаралды. Мемлекет істері Конституция мен заңдарға сәйкес бірқалыпты және мұқият жүргізілу керек, - деді Ю Ин Чхон БАҚ-қа жолдаған ресми хатында.
Мәдениет, спорт және туризм министрі Ю Ин Чхон Корея Республикасының Үкіметі өзінің қауіпсіздік ұстанымын нығайтып келе жатқанын және министрлер кабинеті серіктес елдердің сенімін сақтауға толықтай ұмтылатынын қоса кетті.
Кореядағы негізгі туристік орындар жұмысын жалғастырып жатыр. Шетелдік туристерге нақты уақыт режимінде бірнеше тілде аударма қызметін, сондай-ақ тиісті ақпараттық-кеңес беру қызметтерін ұсынатын бірыңғай ақпараттық жүйе құрылды.
Корея Республикасы 1997 жылғы валюталық дағдарыс пен COVID-19 пандемиясын қоса алғанда, халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықта дағдарыстарды еңсеру жолдарын тапты. Кореядағы күнделікті өмір еш өзгеріссіз қалады және елге келушілер Кореядағы уақыттарын бұрынғыдай жақсы өткізіп, үйлеріне жағымды естеліктермен оралады. Корей халқының біріккен күші мен даналығы біздің демократияның Конституцияға сәйкес жұмыс істеуіне мүмкіндік берді және елдің экономикалық іргетасы берік болып қала береді, - дейді министр.
Оның сөзінше, соңғы саяси оқиғаларға қарамастан, ірі халықаралық рейтинг агенттіктері Кореяның несиелік рейтингтерінің тұрақты екенін растауды жалғастырып келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялап, халық арасында алаңдаушылық туғызғаны үшін кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайта жасамауға уәде берді.
Оңтүстік Корея парламентінде президентке импичмент жариялау туралы заңға қатысты дауыс беру 7 желтоқсанға Астана уақытымен 15:00-ге белгіленді.
Кейін полиция Оңтүстік Корея президентіне елден шығуға тыйым салды.
Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты Юн Сок Ёл мен жеті шенеунікті тез арада қамауға алуды талап ететін қарар қабылдады.