Оңтүстік Кореяда жоғалып кеткен қазақстандықтың сүйегі табылды

Бұл жайлы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлім етті.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 10 Наурыз 2026, 17:00
10 Наурыз 2026, 17:00
445
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Оңтүстік Кореяда өрт кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтың сүйегі табылды. Бұл жайлы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетібаевтың айтуынша, адам сүйегі іздестіру жұмыстары барысында табылған. Қазіргі уақытта олар сараптамаға жіберілген.

Қазіргі таңда сараптама нәтижелері әлі алынған жоқ. Корея тарапы ресми ақпарат ұсынғаннан кейін марқұмның туыстарына хабар беріледі,- деді Жетібаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпан күні Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде ірі өрт шыққан. Оқиға салдарынан екі шетелдік жұмысшы із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, олардың бірі – 50 жастағы Қазақстан азаматы.

Айта кетейік, бұған дейін Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылған еді.

Наверх