Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды

10 Наурыз 2022, 08:42
1210
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда "Халық күші" оппрзициялық партиясының үміткері Юн Сок Ёль президент сайлауында жеңіске жетті.

Бұл туралы оңтүстіккореялық Yonhap агенттігі мәлімдеді.

Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, алайда сіздердің сенімдеріңізді ақтай алмадым. Барлық жауапкершілік менің мойнымда. Юн Сок Ёльді жеңісімен құттықтаймын, — деді демократиялық партиясының үміткері Ли Чжэ Мёнмен.

Қазіргі уақытта дауыстың 98%-ы саналып бітті. "Тобуро" билеуші демократиялық партиясының үміткері Ли Чжэ Мён — 47,79%, Юн Сок Ёль- 48,59% дауыс жинады.

Айта кетейік, 9 наурыз күні Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтті. Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті лауазымында Мун Чжэ Ин болды.

 

Өзгелердің жаңалығы