Оңтүстік Кореяда медицина саласының қызметкерлерін вакциналау басталды

28 Ақпан 2021, 08:39
1901
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда медицина саласының қызметкерлерін вакциналау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оларға Pfizer/BioNTech препаратын егетін болды. Оған қоса 300 мыңдай адамға AstraZeneca вакцинасы егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оңтүстік Корея билігі қараша айына дейін ел тұрғындарының 70 процентіне екпе салып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруды көздеп отыр. Індет басталғалы елде 90 мыңдай адам коронавирусты жұқтырды. 

Мен коронавирус ауруы асқынған науқастарды бір жыл бойы емдеп келемін. Вакциналау бізге көмектесетініне сенімдімін, – дейді медбике Чо Анна.
Ауғанстанда да медицина қызметкерлерін вакциналауға кірісіп кетті. Ел астанасы Кабул қаласында 5 мыңдай адамға екпе салынды. 

Айта кету керек, ақпан айының басында Үндістан үкіметі бұл елдің билік өкілдеріне AstraZeneca вакцинасының жарты миллион данасын табыстаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы