Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасының Квазулу Натал провинциясында су тасқынынан опат болғандар саны 400-ге жуықтады. 40 мыңнан аса тұрғын жапа шеккен, деп жазды Хабар24.
Толассыз жауған жаңбырдан көптеген мекенді су басып, жолдар мен мен көпірлерді шайып кеткен. Табиғат апатынан келген шығынның көлемі 70 миллионға жуықтайды.
Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік бұл ел тарихындағы ең апатты су тасқынының бірі деп отыр.
Кей аудандарда бір күннің ішінде бірнеше айлық жаңбыр жауған. Ал ауа райын болжаушылар болса, демалыс күндері елдің көп өңірінде тағы да жаңбыр жауып, су тасқыны жүретінін ескертіп отыр.