Онлайн сатып алу: қауіпсіздік ережелері

27 Наурыз 2021, 10:12
4337
Бөлісу:
Онлайн сатып алу: қауіпсіздік ережелері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта интернет-сауда цифрландырудың дамуына байланысты айтарлықтай дамып келеді. Онлайн режиміндегі операциялар, соның ішінде тауарларды сатып алу күн сайын танымал бола түсуде. Интернеттегі сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін Fingramota.kz-мен бірге талдап көреміз.

Алайда қауіпсіздікке қатысты кемшіліктер де бар. Белсенді дамып келе жатқан онлайн-сауда индустриясы адамдардың қалталарын босату үшін әртүрлі амалдар мен схемаларды қолданатын кибер алаяқтардың назарынан тыс қалмайды. 

Қаржы ұйымдары дербес деректерге қатысты абай болуға және өздерінің ЖСН, төлем карталарының немесе ұялы телефондарының нөмірлерін белгісіз интернет-ресурстарда қалдырмау керектігін ескертеді. 

Интернеттегі сатып алудың артықшылықтары 

Бүгінде нтернетте сауда жасау ыңғайлы. Бұл дегенiмiз уақытты үнемдеу, таңдау көп, бағаны бақылау және салыстыру сияқты көптеген артықшылықтары бар. Көптеген жағдайда интернет-дүкендерде тауарлар әдеттегi дүкенге қарағанда әлдеқайда арзан. Мұнда тиiмді акциялар жиi өткізіледі және жеңілдіктер беріледі. Сондай-ақ, егер сіз тауарды белгілі бір сомаға сатып алсаңыз, интернет-дүкендер тегiн жеткiзiп береді және сіз тауарды алған кезде төлем жасай аласыз. 

Интернеттегі сатып алудың кемшіліктері 

Алаяқтарға тап болуыңыз мүмкін. Немесе ұсынылған өнім, мүлдем басқаша болып шығуы мүмкін. Интернеттегі фотосурет жарқырап тұрады да, келген тауар мүлдем басқа болып шығады. Сапасы да, түсі де, тіпті өлшемі де.

Сондай-ақ, онлайн сатып алудың басты кемшілігі-тікелей алдаудан бастап зиянды бағдарламалық жасақтаманы таратуға және техникалық құрылғыларды бұзуға дейін қаржылық алаяқтық ықтималдығы. Фотосуретте көрсетілген өнім шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Сондай-ақ, интернет-дүкеннің басты кемшілігі - қаржылық алаяқтық, зиянды бағдарламалық жасақтаманы таратып жіберуі мүмкін. Сондықтан, желіде кез-келген қаржылық операцияларды орындау кезінде өте абай болу керек.

Интернетте сатып алулар жасамас бұрын және жеке деректеріңізді енгізбес бұрын келесі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

Интернет-дүкендердің шынайылығын тексеріңіз. Киберқылмыскерлер жалған интернет-дүкендер жасайды, олар нақты сайттарға ұқсайды немесе танымал және ірі дүкендердің немесе брендтердің аттарын пайдаланады. Интернеттегі алаяқтарға тап болмас үшін әрқашан URL мекенжайларын мұқият тексеріп отырыңыз, тек тексерілген сертификаты бар қауіпсіз қосылымдарды (HTTPS) қолдайтын сайттарды қолданыңыз. Браузердің мекенжай жолында URL алдында құлып белгісі болуы керек. Бұл сайт әдеттегі http орнына қауіпсіз https байланысын қолданады дегенді білдіреді. Сандар бар URL мекенжайлары бар дүкендерге сенбеңіз, мысалы: http: //66.102.7.104@65465.51456jD% - мүмкін олар алаяқ.

Сатып алушылардың пікірлерін талдаңыз. Өнім туралы пікірлерді дүкеннің веб-сайтында ғана емес, интернеттен іздеп, оқыңыз. Егер тауардың сапасына, жеткізу мерзіміне, осы дүкеннің жұмысшыларының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне наразы адамдар көп болса, бұл интернет дүкеннен зат сатып алу қаншалық тиіммді болатынын ойлаңыз. 

Сайттар тапсырыспен адамдарға пікір жаздыртып алуы мүмкін екенін де естен шығармаңыз. Жалған пікір мен шынайы пікірді де ажырата біліңіз. 

Төлем әдісін таңдаңыз. Интернет-дүкен неғұрлым көп төлем әдістерін ұсынса, соғұрлым жақсы болады. Егер интернет дүкен сіз сатып алған дүниені жеткізіп берген соң сізден ақша алса онда мүлдем жақсы. Сонымен қатар, барлық сақтық шараларын сақтай отырып, егер сіз сатушының адал екеніне, URL мекенжайының дұрыс екендігіне көз жеткізіп, дүкен туралы тұтынушылардың пікірлерін оқыған болсаңыз, карта арқылы төлем жасай аласыз. 

Онлайн режимі «құжатсыз» дегенді білдірмейді 

Қолма-қол ақшамен төлей отырып, сіз фискалдық чекті, жүкқұжатты, шот-фактураны және басқа да құжаттарды талап етуге құқылысыз. 

Сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін сіздің электрондық поштаңызға тапсырыс растамасы мен шот келуі тиіс. Егер бұл деректер сіздің поштаңызға келмеген болса, онда сіз өнімді/қызметті ұсынатын компаниямен байланысуыңыз керек. Мүмкін техникалық ақау болуы мүмкін немесе алаяқтарға тап болдыңыз деген сөз. 

Сатушының адал емес екендігі көрсететін тағы бір белгі — төлем жасау үшін сізге арнайы төлем шлюзіне өтпей-ақ сайтқа карта деректерін енгізуді сұрайды немесе тек бір нұсқа ұсынылады: карта деректерін енгізу деген. Мұнда кейбір сауда платформалары төлемді тек карта арқылы ұсына алатындығын нақтылау қажет, мысалы: Alibaba Group дүниежүзілік қытайлық интернет-сауда гигантының Alipay төлем жүйесі. Мүмкіндігінше электрондық пошта арқылы келетін барлық чектер мен төлем растамаларын сақтап отырыңыз. 

Өзіңіздің байланыс құрылғыңызды пайдаланыңыз 

Қоғамдық Wi-Fi кіру нүктелері ерекше қауіпті. Wi-Fi арқылы интернет-шопинг интернет-кафе және сізден басқа құрылғылар мен басқа пайдаланушылар пайдаланатын жерде жасамаңыз 

Егер сіз балаңызға гаджетті пайдалануға рұқсат берсеңіз, баланың кездейсоқ онлайн сатып алуы немесе ақылы ойындарды жүктемеуі үшін төлем картасы қосылған барлық есептік жазбаларды бұғаттап тастаңыз. Өкінішке орай, мұндай сатып алулар үшін ақшаны қайтару мүмкін емес, жұмысы көп, өте қиын болады. Өйткені бұл жерде алаяқтық фактісі болған жоқ. Компьютеріңіздің және (немесе) мобильді құрылғыларыңыздың қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз (вирусқа қарсы қорғау құралдарын орнатып, оны уақтылы жаңартып, оларды кезең-кезеңімен ауыстыра отырып, күрделі құпия сөздерін пайдаланыңыз. Маңызды деректерді компьютерде немесе мобильді құрылғыда ашық түрде сақтамаңыз. 

Онлайн-сатып алу үшін жеке карта пайдаланыңыз 

Интернетте сатып алу үшін-жеке банктік карта ашыңыз, оны тек осындай сатып алулыр үшін пайдаланасыз. Ол жалақы немесе жинақ шотына байланбайды. Картаға ақшаны сатып алатын күні ғана аударыңыз, ал қосымша қауіпсіздік үшін картаға күнделікті лимит орнатуға болады. 

  • Интернет желісінде жеке және банктік деректерді жарияламауға тырысыңыз (форумдар, әлеуметтік желілер және т.б.), тексерілмеген компанияларға немесе адамдарға өз деректеріңізді телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарламаңыз. 

  • Тексерілмеген немесе күдікті мекенжайлардан алынған электрондық хаттарды ашпаңыз және сенімсіз дереккөзден электрондық пошта, әлеуметтік желілер немесе SMS арқылы жіберілген сілтемелер бойынша өтпеңіз.
       


Өзгелердің жаңалығы