Онлайн режимдегі құрбандық шалу қалай жүзеге асырылады?
29 Шілде 2020, 09:49 1853

Онлайн режимдегі құрбандық шалу қалай жүзеге асырылады?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Алматы қаласы Бостандық ауданы "Байкен" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев онлайн брифинг барысында айтып берді.

Оның айтуынша, онлайн құрбандық шалу үшін барлық компьютерлік және интернет мүмкіндігі пайдаланылмақ. 

Яғни, онлайн режим арқылы WWW.QURBAN2020.KZ порталында тапсырыс беріп құрбандық шалу мүмкіндігіне ие боласыз. Арнайы сайтта бәрі толық көрсетілген. Ірі қара әлде қой шалғыңыз келсе, соны таңдап, аты-жөндеріңізді жазып, құрбандық шалу ниетіңізді білдіресіз. Одан бөлек, ет алуға өтініш білдіретіндерді де осы сайт арқылы өтініштерін қабылдаймыз, - дейді имам. 

Осы күнге дейін Алматы бойынша құрбандық шалуға ниет білдіргендер де бар екен. Мәселен, 49 қой, 18 ешкі, 2 ірі қара, 8 тоқты малына тапсырыс берілген. Тапсырыс қабылдау әлі де жалғасады. 

Сондай-ақ, 1305 адам құрбандық етін алуға өтініш білдірген. Ал Қазақстан бойынша 11 мыңнан аса адам өтініш жіберіпті. 

Данияр Жұмабаевтың айтуынша, биыл құрбандық еті мешіт жанында үлестірілмейді. Өйткені мешіттердің барлығы жабық. Сондықтан етке өтініш білдірген мұқтаж жандарға ет үйіне дейін жеткізіледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...