Онкологиялық диспансердің қызметкерлері жауапкершілікке тартылды

Бүгiн, 19:11
145
Бөлісу:
Онкологиялық диспансердің қызметкерлері жауапкершілікке тартылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы медициналық ұйымдардың онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелеріне талдау жасады. Талдау нәтижесінде жүйелік бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәрігерлер Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерінің талаптарын сақтамаған.

Атап айтқанда, қатерлі ісікпен ауыратын және дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар 58 азаматтың мүгедектігі болмағаны анықталды.

Белгіленген талаптарға қайшы медицина қызметкерлері оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі уақытта онкологиялық науқастарды сараптамаға жіберу үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша материалдар дайындалуда. Бұзушылықтар үшін онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады БҚО прокуратурасы.

Азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында екенін айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы