Онкологияға арналған дәрі 1 млн тг-ден асады: Дәрі-дәрмек әсері төмендесе не істеу керек?

Кеше, 16:39
195
Бөлісу:
Онкологияға арналған дәрі 1 млн тг-ден асады: Дәрі-дәрмек әсері төмендесе не істеу керек?
Фото: BAQ.KZ архив

Онкологиялық аурулармен ауыратын есепте тұрған науқастарға тегін дәрі-дәрмек берілетіні белгілі. Бірақ дәрінің тиімділігі төмендеген жағдайда не істеу керек? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі өкілі жауап берді айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұзақ уақыт бойы бір ғана дәріні қабылдағаннан кейін оның тиімділігі төмендеп, науқастың жағдайы нашарлай бастайды. Дәріні ауыстыру қажет. Бірақ дәрігерлер оны ауыстыра алмайды. Өйткені басқа дәрілер портал арқылы тегін берілмейді. Ал онкологиялық ауруларға арналған дәрілер бағасы миллионнан асады. Қолдану ұзақтығына және тиімділігіне байланысты дәрілерді ауыстыруға болатын тізімдер қашан, қайда қаралады? – деп БАҚ өкілі ОҚК алаңында өткен баспасөз брифингінде сауал жолдады.

ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Жандос Әділхан дәрінің әсер етпеуі дәріге емес, емдеу тәсіліне байланысты екенін жеткізді.

Кез келген науқасты емдеу барысында әр науқасқа емдеу сызбасы белгіленеді. Онкологиялық ауруларға мультидисциплинарлық топтың ұсынысы бойынша қажетті дәрі-дәрмек тағайындалады. Онкологиялық аурулардан басқа дәрі-дәрмектер емханада дәрігерлік-консультативтік комиссияның ұсынысымен жасалған емдеу сызбасы бойынша қажетті дәріге ауыстырылады. Яғни бір дәрінің әсер етпеуі оның тиімділігінде емес, емдеу тәсіліне байланысты, - деді Жандос Әділхан.

Ол бұл жағдайда науқастар тиісті ақыл-кеңесті өткеннен кейін емдеу сызбасын қайта қарауға көңіл аударуы керегін айтады.

ДСМ-де клиникалық протоколдар тағайындалған. Әрбір аурудың емдеу тәсілінде базалық терапия көрсетілген. Сонымен қатар бірінші және екінші қатардағы дәрі-дәрмектер. Егер науқасқа базалық қандай да бір дәрі әсер етпеген жағдайда ол кезде дәрігер бірінші қатардағы дәріні тағайындайды. Бірінші қатардағы дәрі-дәрмек әсер етпеген жағдайда екінші қатардағы дәріні тағайындайды, - деді Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры.

 

Өзгелердің жаңалығы