Әйелдер онколог мамандардан тегін кеңес ала алады

21 Қыркүйек 2019, 09:18
3643
Бөлісу:
Әйелдер онколог мамандардан тегін кеңес ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның барлық мемлекеттік онкологиялық мекемесінде ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қазақ Ұлттық онкология және радиология зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады. 

"21 қыркүйекте 9.00-ден 14.00-ге дейін ҚР ДСМ Қазақ Ұлттық онкология және радиология зерттеу институтында, сонымен қатар Қазақстанның барлық мемлекеттік онкологиялық мекемелерінде онкогинекологиялық патологияларды ерте анықтау (жатыр мойны обыры, анабез обыры, эндометрий обыры және т.б.) және алдын алу мақсатында ашық есік күндері өтеді. Әйелдер онкогинекологтың тегін қабылдауына барып, онкоцитологияға пап-тест (жұғынды) тапсыра алады. Сондай-ақ, өзін мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала алады", - делінген институттың хабарламасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде жатыр мойны обыры, аналық без обыры, эндометрия обыры және сарпай (вульва) обыры гинекологиялық қатерлі ісіктің ең жиі кездесетін түрлері болып отыр.

Деректерге сүйенетін болсақ, 2018 жылы бүкіл әлем бойынша 1,3 млн әйел гинекологиялық обыр ауруына шалдықты. Оның ішінде 44% жуығында жатыр мойны обыры, 23% - аналық без қатерлі ісігі, 29% - эндометрий обыры және тағы 5% - да басқа да оқшаулау табылды.

2018 жылы бүкіл әлем бойынша гинекологиялық қатерлі ісіктен 468 000 әйел қайтыс болды. Осы жағдайдың 67%-ын жатыр мойны обыры (ЖМО) құрады.

Егер сізді келесі белгілер мазаласа, міндетті түрде онколог дәрігерге қаралыңыз:

• Жыныстық қатынастан кейін жыныстық жолдардан қан немесе сулы бөлінділердің көп кетуі;

• Менопауза кезінде пайда болған қан кету;

• Иісі жағымсыз бөліндінің келуі;

• Іштің төменгі жағының және бел аумағының ауруы;

• Іштің көлемі себепсізден ұлғайып кетуі;

• Жоғарыда аталғандармен қоса тез шаршау, әлсіздік, тәбеттің болмауы.

Онкогинеколог тексергеннен кейін қажет болған жағдайда ішкі органдарды УДЗ, МРТ, КТ-ға түсіреді (тұрғылықты жері бойынша тегін).

Қосымша ақпаратты +7(727) 349-61-16 телефоны арқылы ала аласыз.

Зерттеу иститутының мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91.


Өзгелердің жаңалығы