Өңірлік қылмыстық топ 77 млн теңгенің малын ұрлаған

5 Қыркүйек 2022, 11:42
783
Бөлісу:
Өңірлік қылмыстық топ 77 млн теңгенің малын ұрлаған

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов дәстүрлі брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысының полициясы Сарыағаш және Келес ауданында биылғы көктемнен бастап мал ұрлығымен айналысқан 4 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар жасаған 18 мал ұрлығы дәлелденген. Қылмыскерлер 12 млн теңгенің 26 малын ұрлаған. Бұл жағдай ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарламаларда тиімділікті арттырды, - деді Нұрсейтіов. 

Сондай-ақ ол Павлодарда мал ұрлығымен айналысқан өңірлік қылмыстық топ ұсталғанын айтты. 

Құрамында 5 адам болған қылмыстық топ Павлодар, ШҚО және Қарағанды облыстарында 6 рет мал ұрлаған. Олар 167 мал ұрлаған, шығын  77 млн теңгені құрады, - деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов.

Сондай-ақ ол тұрғындарға малдарды арнайы белгі салу керегін айтты.

ҚК-тің 188-1 бабына сәйкес:Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өзгелердің жаңалығы