Өңірлік карта бойынша 200 млрд теңгеге 16 жоба қарастырылған

28 Қыркүйек 2021, 11:14
5470
Бөлісу:
Өңірлік карта бойынша 200 млрд теңгеге 16 жоба қарастырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, Өңірлік картада 200 млрд теңге сомасына 16 жоба көзделген.

Бұл жерде 3000-ға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, құрылыс кезеңінде 2 550 адам және пайдалану кезеңінде 450-ге жуық адамды жұмыспен қамту көзделген. Бүгінде 1 жоба салынып бітті. Оның жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрады. Ол Алматы облысында ЖЭК саласындағы жоба, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика министрі атап өткендей, тағы да 15 жоба іске асырылып жатыр. Олардың жалпы сомасы 198,6 млрд теңгеге жуық көрінеді.

Оның ішінде 14 жобаны биыл жүзеге асыру жоспарланып отыр. 1 жобаны іске асыру келесі жылға жоспарланған, - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін отын-энергетика кешені саласында 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы