Өңірлерде инженерлік коммуникацияларды инвентаризациялау жұмыстары жалғасып жатыр

28 Сәуір 2022, 10:41
1824
Бөлісу:
Өңірлерде инженерлік коммуникацияларды инвентаризациялау жұмыстары жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық базасын қалыптастыру шеңберінде өңірлерде инженерлік коммуникацияларды инвентаризациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Лисаков, Арыс қалаларының құрылыс салынған аумағының 9,3 мың гектарына инженерлік коммуникацияларды түгендеу жүргізілуде. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен елді-мекендерде 8,8 мың га инженерлік желілерге инвентаризация жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Айта кетерлігі, жер асты және жер үсті инженерлік коммуникацияларын түгендеу арқылы өңірлерде елді-мекендердің цифрлық кадастрлық жоспарлары құрылған. 2018 жылдан бастап Шымкент қаласының және ауданы 78,3 мың га 10 облыс орталығының құрылыс салынған аумақтарында жерасты және жерүсті коммуникациялары инвентаризацияланды. Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларында инфрақұрылымдық объектілерді түгендеу жұмыстары толығымен аяқталған, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі инженерлік коммуникациялардың цифрлық деректерінің 63,7%-ын, бас жоспардың 93,6%-ын және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың егжей-тегжейлі жоспарларының 95,6%-ын қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы