Өнеркәсіптік әлеуетті арттыру үшін Германиямен ынтымақтастықты дамытамыз - СІМ

16 Мамыр 2023, 20:04
636
Бөлісу:
Өнеркәсіптік әлеуетті арттыру үшін Германиямен ынтымақтастықты дамытамыз  - СІМ
Фото: автордан

Қазақстан алдағы уақытта елімізді одан әрі индустрияландыру және өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін Германия тарапымен техникалық жоғары және кәсіптік білім саласында ынтымақтастықты дамытады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Берлин Еуразиялық клубының 37-ші отырысында мәлім етті.

Қазақстанның Германиямен әріптестігі біздің еуропалық бағыттағы сыртқы саясатымыздың басымдықтарының бірі болып саналады. Бұған толықтай негіз де бар. Германия – әлемдегі ірі экономикалық елдің бірі. Елімізде Германия ірі инвестор әрі сауда әріптесі екендігі белгілі. Бізде жүздеген неміс компаниялары жұмыс істеп тұр. Олардың қатарына экономиканың шикізаттық емес секторындағы «Knauf», «Heidelberg Cement» сынды компанияларын жатқызуға болады, - деп атап өтті Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары.

Өнеркәсіптік әлеуетті арттыру үшін Германиямен ынтымақтастықты дамытамыз  - СІМ

Сонымен қатар ол саяси тұрғыда да екі ел арасындағы қарым-қатынаста оң серпіннің бар екендігін алға тартты.

Мемлекет басшысы 2019 жылы желтоқсанда Берлинге мемлекеттік сапармен барлы. Бұл – оның ел тізгінін қолына алғаннан кейін батыс елдеріне жасаған алғашқы сапары. Қазір Қазақстан тарапы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер келеді деп күтуде. Сол сапар барысында саяси-экономикалық әріптестік серпін алып қана қоймай, Ақтаудағы Каспий университетінің базасында неміс инженеринг институты ашылады. Бұл еліміздің білім саласын дамытуда өте маңызды қадам деп санаймын. Сонымен қатар жоғары неміс стандарттарына сәйкес дайындалған жоғары білікті техникалық мамандардың болуы қолданыстағы және көптеген жаңа қазақстандық-германдық бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, - деді Роман Василенко.

Өзгелердің жаңалығы