Өнеркәсіп кәсіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізіледі

25 Тамыз 2022, 17:43
1466
Бөлісу:
Өнеркәсіп кәсіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізіледі

Маңғыстау облыстық экология департаментінде дөңгелек үстел өткізіліп, келер 2023 жылдан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізуді міндеттеу тақырыбы сөз болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басқосуда баяндама жасаған Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Мағжан Ғалымов, 2021 жылы жаңа экологиялық кодекс күшіне енгенін еске салды. Оның іргелі жаңашылдықтарының бірі автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу болып табылады.

Сонымен қатар бұл механизм "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында Үкімет отырысында қаралып, онда бейінді Министрлікке өнеркәсіптік кәсіпорындарға АМЖ енгізуді ерекше бақылауға алу тапсырылған болатын.

АМЖ - нақты уақыт режимінде стационарлық көздерден қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін қадағалайтын өндірістік экологиялық мониторинг жүйесі екенін атап өту қажет. АМЖ ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №208 бұйрығымен бекітілген өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларымен реттелетінін білу маңызды. Алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп және әрі қарай бірлесе шешімдерін тауып жұмыстанған жағдайда, біз экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бірлесіп зор үлес қосатынымызды атап өткім келеді, - деді Мағжан Қанатұлы.

Сонымен қатар АМЖ жүзеге асыру кезінде қолданыстағы өлшем құралдарының типін бекіту сертификаты бар және "өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруден өткен өлшем құралдары қолданылады. 

АМЖ Ережесіне сәйкес келесі 4 критерийлердің біріне қатысты болған жағдайда орнатылады:

Бірінші. Ластаушы заттардың атмосфераға жалпы шығарылымы жылына бір стационарлық ұйымдастырылған көзден 500 және одан көп тонна болған жағдайда; Өңірде аталған критерийлерге жататын нақты 3 кәсіпорын анықталды ("Қаз Азот" АҚ, "МАЭК Казатопром" ЖШС, "Каспий Цемент" ЖШС), сондай-ақ алдын ала талдау бойынша "Тоталь энд Гмбх" КФ 2023 жылы кіріп тұр (кәсіпорынның қуаты артқан жағдайда).

Екінші. Жалпы электр қуаты 500 МВт және одан жоғары газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдардың көздері үшін, жылу қуаты 1200 Гкал/сағ және одан жоғары қазандықтар (котель) үшін. Аталған критериге  "МАЭК Казатопром" ЖШС тиісті.

Үшінші. Факель қондырғыларында шығын мен тығыздықты бақылау арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, күкіртсутегі (H2S), көміртегі оксиді – сульфиді (COS), көміртегі сульфиді (көміртегі дисульфиді-CS2) және меркаптан 10 тоннадан астам шығарындылар болған жағдайда газ құрамын бақылау жүзеге асырылады.

Біздің өңірде АМЖ енгізудің көрсетілген критерийі бойынша факель қондырғылары бар 25 мұнай компаниясы анықталып отыр.

Төртінші. I санаттағы объектіден су объектісіне немесе жергілікті жердің рельефіне бұрылатын сарқынды суларды (буландырғыштар мен жинақтағыштардың тоғандарын қоспағанда)шығару, Аталған критериге де,  "МАЭК Казатопром" ЖШС тиесілі.

Осылайша, "МАЭК Казатопром" ЖШС АМЖ міндетті түрде енгізудің 3 критерийіне жататыны анықталып отыр.

Сонымен қатар, осы Кодекстің эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесінің міндетті болуы туралы талабы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатынын атап өткім келеді.

Сондықтан, АМЖ енгізу мәселесін бүгіннен бастап қарастыру қажет, өйткені АМЖ енгіщу процедурасы ұзақ уақыт алады, оның ішінде жобалау құжаттамасын дайындау бойынша жұмыстар, қажетті жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыстар, іске қосу-баптау және ақпараттық жүйеге қосу бойынша жұмыстарды қамтиды. 

Осы бағытта жұмысты бастаған компаниялар да бар. Оның ішінде, "Kaz Azot" АҚ мен "Caspi bitum" ЖШС атап өту керек, олар ұйымдасқан көздерге АМЖ орнатудан басқа, кәсіпорынның санитарлық қорғау аймақтарында орнатуды жоспарлап отыр. Алайда, көптеген кәсіпорындарда бұл жұмыстар әлі басталмаған немесе тиісті түрде жүргізіліп отырылған жоқ.

Осылайша, өнеркәсіптік кәсіпорындар АМЖ белгіленген мерзімде енгізу қамтамасыз етілмейді, бұл кейіннен мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қабылдауға, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 331-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеледі. Сондай-ақ, бұл мәселе мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберінде қаралатын болады және рұқсаттан айыруға және қызметті одан әрі тоқтатуға әкеліп соғуы мүмкін.

Пікірталас барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласында, атап айтқанда, өнеркәсіптік кәсіпорындарда АМЖ енгізуін іске асыруда одан әрі дамытуға және қолдануға байланысты пайдалы ұсыныстар айтылды.

Өзгелердің жаңалығы