«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Таразда жастар қарияға қамқорлық көрсетті

30 Сәуір 2024, 07:20
556
Бөлісу:
«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Таразда жастар қарияға қамқорлық көрсетті
Фото: Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Мүтәліп ақсақалдың үйінің кіреберіс жеріндегі қабырғаларды сырлау, ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған игі шараға «Тұрғын үй жөндеу Тараз» ЖШС қызметкерлері, қаланың белсенді жастары мен еріктілер атсалысты.

Шара соңында Ұлы Отан соғысының ардагері жастарға батасын беріп, алғысын жеткізді.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Таразда жастар қарияға қамқорлық көрсетті

«Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде қаламыздың жастары өз еріктерімен келіп тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұндай бастаманы жастарымыздың қолға алып, үйлестіріп отырғандарына шын жүректен қуаныштымын. Осы орайда, қаламыздың тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысып, шаһар көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап ғана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулиды, – деді қарт майдангер ағынан жарылып.

Өзгелердің жаңалығы