Өндірушіден – науқасқа дейін. Дәрі-дәрмек қалай сақталады

26 Желтоқсан 2020, 13:43
1748
Бөлісу:
Өндірушіден – науқасқа дейін. Дәрі-дәрмек қалай сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық жолда оңтайлы температуралық режимді қамтамасыз ету жүйесі «салқындату тізбегі» деп аталады.

Фармацевтикалық препараттардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін барынша сақтау үшін логистика мен сақтауды мониторингтеудің ұтымды тәсілі қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселе.

Көбінесе иммунобиологиялық препараттар – вакциналар, иммуноглобулиндер, анатоксиндер қатаң температуралық режимдерді сақтауды қажет етеді. Сақтаудың қажетті талаптарын бұзған жағдайда олар өзінің бастапқы сапасын жоғалтып қана қоймай, сонымен бірге ағзаға енгізілгеннен кейін жанама құбылыстардың пайда болуына, тіпті кері әсерін тигізуі де ықтимал.

Дәрі-дәрмектерді тасмалдау мен сақтау кезінде жоғары температура сияқты төмен температура да зиянды. Демек, егер салқындату тізбегінің сатысында бір режим бұзылса, өнімнің маңызы жоғалады.

Өндірушіден – науқасқа дейін. Дәрі-дәрмек қалай сақталады

Препараттарды сақтау нұсқаулығын бұлжылтпай ұстану және кездейсоқ салдарды болдырмау үшін «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы иммунобиологиялық препараттарды сақтауды GDP стандартына сәйкес келетін фармацевтикалық хабтар мен қоймаларда жүзеге асырады.

GDP (Good Distribution Practice, Тиісті дистрибьюторлық практика) – дәрілік заттарды өндірушілерден сатып алу процесінде бірізділік тәсілді белгілейтін халықаралық стандарт. GDP – өндірушіден бастап бөлшек сауда желісіне және медициналық мекемелерге дейінгі барлық жолда препараттардың сапасын қамтамасыз етуге бағытталған нұсқау. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қағидаттарға негізделген.

Бірыңғай дистрибьютордың орталықтандырылған 4 сақтау хабы бар:

терең салқындату – -15°С-тан төмен;

тоңазытқышта +2°С-тан +8°С-қа дейін;

салқын жерде +8°С-тан +15°С-қа дейін;

бөлме температурасында +15°С-тан +25°С-қа дейін.

Температура нормадан ауытқыған жағдайда дабыл және жауапты тұлғаның СМС-хабарламасы іске қосылады.

Электр қуаты тосыннан сөнген жағдайда дәрі-дәрмектер сақталатын тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бір сәтте бірыңғай электр қуатымен қамтамсыз ететін генератор жүйесіне қосылады.

Өндірушіден – науқасқа дейін. Дәрі-дәрмек қалай сақталады

«Салқындату тізбегінде» көлікпен тасымалдау да өте маңызды орында тұр. Вакцинаны тасымалдаудың барлық сатысында тіркеу жүргізіледі. Сол құжаттарда заттардың қандай температурада сақталғаны көрсетіліп отырады.

Дәрілік заттар алдын ала валидациямен расталған, яғни температуралық режимі анықталған автомобиль көлігімен тасымалданады. Сонымен қатар, тасымалдау үшін температураны бақылау және GPS сенсорлары бар тоңазытқыштар қолданылады. Межелі жерге келгеннен кейін жүру жолындағы сақтау температурасы туралы ақпарат алушыға беріледі.

Өндірушіден – науқасқа дейін. Дәрі-дәрмек қалай сақталады

Ал жақын аралыққа тасымалу кезінде вакциналарды термоконтейнер пайдаланылады. Әрбір термоконтейнердің ішінде салқындықты бақылайтын термоиндикатор – датчиктер орнатылған. Қажетті жағдайда термоконтейнерді мұздататып тұратын индикаторлар іске қосылады.

Салқындату тізбегінің шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады.

Біріншісі – өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дейін.

Екіншісі – Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларынан жергілікті денсаулық сақтауды басқару органдарының дәріхана қоймаларына дейін.

Үшіншісі – жергілікті денсаулық сақтауды басқару органдарының дәріхана қоймаларынан медициналық ұйымдарға (стационарларға, емханаларға) дейін.

Төртінші – пациенттердің (ауруханалардың, емханалардың және т.б.) қолдануына дейін сақтау.

Ұлттық екпе күнтізбесіне кіретін вакциналарды «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы сатып алады. Бұл моновакциналар (дифтерияға, сіреспеге, туберкулезге, полиомелитке қарсы вакцина), сондай-ақ аралас вакциналар. Олардың ішінде –18°С-ты «талап ететін» полиомелитке қарсы вакцинаны қоспағанда, +2°С-тан +8°С-қа дейін салқын жерде сақталатын препараттардың бірнеше түрі бар.

Дәрілік заттарды өндіру, тасымалдау және сақтау кезінде белгілі бір температураны сақтау емдеу тиімділігінің маңызды шарты екенін тағыда еске саламыз. Мысалы, Сovid-19-ға қарсы «Спутник V» ресейлік вакцинаны сақтаудың температуралық режимі -20°С деп белгіленген. Ал басқа елдерде коронавирусқа қарсы вакциналарды сақтау -70 - 80°С талап етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі мен ресейлік тікелей инвестициялар қоры өзара түсіністік туралы келісімі бойынша «Спутник V» вакцинасының 2 млн мөлшеріндегі екпесін «Қарағанды фармацевтік кешенінде» өндіру жоспарланып отыр.

Вакцинаны Республика аумағында өндіру логистикалық шығындарды қысқартуға және қысқа мерзімде медициналық мекемелерге жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл «салқындату тізбегінің» оңтайлы жағдайларын сақтау тұрғысынан да маңызды. Өйткені препаратты тасымалдау тек біздің елде қажет болады.

Пандемия індетіне қарсы вакцинаны ел аумағында өндіру – оны «салқындықты сақтап» тез арада тасымалдауға оңтайлы жағдай туғызады.

Өзгелердің жаңалығы