Өндірісті жаңғырту өте маңызды – Бектенов

28 Мамыр 2024, 11:11
447
Бөлісу:
Өндірісті жаңғырту өте маңызды – Бектенов
Фото: Үкімет

Біздің алдымызда елдің берік өнеркәсіптік негізін қалыптастыру бойынша маңызды міндет тұр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кез келген мемлекеттің өнеркәсіп саласының табысты дамуы негізінен өңдеу секторына байланысты. Сондықтан, ел экономикасының құрылымында өңдеу саласының үлесі бәрінен жоғары тұруға тиіс. Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңдеу секторы өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласымен теңесті десек болады. Бұл жақсы көрсеткіш. Енді одан да жоғары деңгейге жеткізу керек, - деді Премьер-министр.

Оның дерегінше, биыл 4 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5 пайыздан астам өсті.

Өңдеу саласы бойынша негізгі капиталға 403 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылды . Қазір өңдеу саласында металлургия, машина жасау және азық-түлік өндірісінің үлесі ең жоғары болып отыр. Біздің алдымызда локализациялау деңгейі жоғары өндіріс циклін құру бойынша ауқымды міндеттер тұр. Бұл ретте, өндірісті жаңғырту өте маңызды. Бүкіл әлемде цифрлық технологияларды белсенді қолдану, өндірістерді роботтандыру және автоматтандыру жүріп жатыр. Әлемдік трендтерден қалып қоймау үшін біздің кәсіпорындар да жаңа технологияларды белсенді енгізуге тиіс. Ал, салалық мемлекеттік органдар осы процесті дамытуға ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасауы қажет, - деді Олжас Бектенов үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы