Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есеге өседі

19 Наурыз 2021, 20:01
1448
Бөлісу:
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есеге өседі
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңдеу өнеркәсібі өсімін 2025 жылға қарай 1,5 есеге жеткізуді тапсырды. Яғни, жыл сайын салада орта есеппен 10,8% өсім болуы тиіс. 2021 жылы өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің 5,8% өсімі жоспарланған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан индустриялық саясаттың арқасында өңдеу өнеркәсібінің берік тұғырын құруға қол жеткізілді, бұл пандемия жағдайында саланың өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік берді.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есеге өседі

Өзгелердің жаңалығы