"Оңай болмайды?". UFC файтерлері Рахмонов пен Томпсонның жекпе-жегіне болжам жасады

16 Желтоқсан 2023, 16:36
4928
Бөлісу:
"Оңай болмайды?". UFC файтерлері Рахмонов пен Томпсонның жекпе-жегіне болжам жасады
Фото: видеодан кадр

UFC аңызы, орта салмақтың экс-чемпионы Майкл Биспинг Лас-Вегаста өтетін Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсонның жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құдай-ау, неткен ұрыс! Стивен «Wonderboy» Томпсон - 40 жастағы аңыз адам. Ол Тайрон Вудлиге қарсы бірнеше рет титул үшін жекпе-жекке өткізді. Біз UFC-де көрген ең епті әрі жылдам шабуылшылардың бірі. Бірақ Шавкат Рахмоновтың рекорды 17-0, ал бүкіл жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады. Бұл жігіт ерекше. Ол кез келген жұмысты істей алады. Менің ойымша, Стивеннің мансабы үшін бұл тым көп сияқты. Сондықтан мен Шавкат Рахмоновқа бәс тігемін, - деді Биспинг YouTube арнасындағы видеода.

Жеңіл салмақта UFC чемпионы австралиялық Алекс Волкановски (26-3) болса 40 жастағы ардагері Стивен Томпсон жеңетінін сенімді айтты.

Екеуі де өте жақсы. Бірақ мен белгілі бір стильді іздегенді ұнатамын. Ал бұл жекпе-жекте олнәрсе бар. Өйткені біз аш Шавкатпен төбелесеміз. Оның фаворит екені белгілі, бірақ Томпсонды есептен шығармауымыз керек. Иә, оның жасы біразға келді. Бірақ оның қимылы, қашықтық ұстауы және қорғанысы ерекше екенін білеміз. Шавкат қысым жасауды, алға қарай жылжығанды жақсы көретінін ескерсек, ол бірталай қиындықтыққа ұшырауы мүмкін.

Иә, мен Томпсонға жеңетінін меңзеп тұрмын. Жанкүйерлер мені жынды деп ойлайтын шығар. Бірақ меніңше, стиль жағынан жекпе-жек Шавкат үшін өте сәтсіз болуы мүмкін, - деп келтіреді vRINGe.com Волкановскийдің сөзін.

Ол бумекерлік кеңселердің Томпсонға сене қоймайтынын айтып, кез келген нәтижені күтуге болатынын атап өтті.

Сондай-ақ UFC-дің тағы бір жеңіл салмақтағы спортшысы Чейз Хупер былай деді:

Мен Шавкаттың Джефф Нилге қарсы жекпе-жегін Томпсонның жаттықтырушыларының бірімен отырып көрдім. Мені Шавкаттың Джефф Нилге страйкті көп жұмсағаны таңғалдырды және ол Нилдің жауап соққыларын өткізіп алып отырған. Джефф Нилдің бойы кіші, оны негізінен боксшы деуге болады. «Вандербойдың» қолының соққысы мен таймингі мықты. Егер ол өзін торға тіреуге, ұстасып қалуға мүмкіндік бермесе және қағып түсіруден қашып жүрер болса, жеңіске жету қиынға соқпайды деп ойлаймын, - деді ол сұхбатында.

Салмақ өлшеу рәсімінен кейін журналист Лора Санко Шавкат Рохмоновқа қазақша сәттілік тіледі.

«Шавкат, алға Қазақстан!» кейін ағылшын тілінде жалғастырды:

Сен мұны істей аласың! Өз мысыңды (автор - қысым, басымдық) пайдалан, бірақ ақылды болуыңыз керек, қорғаныста біршама сергек болуға тиіссіз. Дәл осы сәтте Қазақстандағы отандастырыңыз жайлы ойланыңыз!" - деді Лаура Санко.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов 17 желтоқсанға қараған түні UFC 296 турнирі аясында Стивен Томпсонмен жұдырықтасады. Шавкат наурыз айында өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Рахмоновтың еншісінде 17 жеңіс бар.

Өзгелердің жаңалығы