Өмірімдегі ең бақытты естеліктер отбасыммен байланысты - Динара Сәдуақасова

17 Қаңтар 2023, 19:29
1002
Бөлісу:
Өмірімдегі ең бақытты естеліктер отбасыммен байланысты - Динара Сәдуақасова

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы Динара Сәдуақасова жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Менің өмірімдегі ең бақытты естеліктер отбасыммен байланысты. Олар менің күшім. Отбасымның жанында болсам, өзімді қауіпсіз сезінемін, кез келген жерде өзімді үйдегідей сезінемін.

Алайда Қазақстанда жыл сайын түрлі себептермен көптеген балалар ата-анасынан айырылып, жабық мекемелерге жіберіледі.

ЮНИСЕФ мемлекетпен және жергілікті серіктестермен тығыз ынтымақтаса отырып, Қазақстандағы бірде-бір бала өз өмірінде мұндай жарақатқа ұшырамауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Сіз сияқты қамқор адамдардан келген қаражаттың көмегімен UNICEF Kazakhstan балаларға отбасын табуға көмектеседі.

Сіздердің көмектеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында біз бірге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға отбасында өсіп-өркендеу мүмкіндігін бере аламыз.

Сіздің ай сайынғы аздаған үлесіңіз көптеген мұқтаж балаларға отбасын табуға мүмкіндік береді.

Қолдауларыңыз үшін рахмет! Қазір қайырмыдылық көрсетуіңізді сұраймыз, - деп жазды Динара Сәдуақасова.

Өзгелердің жаңалығы