Омикрон. Жаңа штамм кімдерге қауіпті?

12 Қаңтар 2022, 18:34
1872
Бөлісу:
Омикрон. Жаңа штамм кімдерге қауіпті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, жаңа штамм өте жұқпалы.

Екі жыл бойы біз жаңа жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Бірнеше локдауннан аман шықтық. Жағдайымыз енді оңалады дегенде, жаңа қауіп – «Омикрон» штамы пайда болды. Ол осы күнге дейін анықталған штаммдарға қарағанда, 5-7 есе жұқпалы, яғни жұқтырған адам инфекцияны коронавирустың алдыңғы нұсқаларына қарағанда бір-екі күннен кейін тартуы мүмкін. Сондай-ақ қысқа мерзімде қайта жұқтыру қаупі жоғары, - деп атап өтті бас қаланың санитар дәрігері.

Сол үшін ол тұрғындарды аса сақ болуға шақырды.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте, мүмкіндігінше бірден  оқшаулануды ұсынамын. Себебі, 12 жасқа дейінгі балалар, вакцинацияланбаған адамдар және созылмалы аурулары бар адамдар әлі де  қауіпті аймақта қалуда. Тиісінше, сіз олар үшін әлдеқайда қауіп төндіресіз, - деді Сархат Бейсенова.

Өзгелердің жаңалығы