«Омикрон» – маусымдық ауру ма? – Елорданың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жаңа штамм туралы айтты

28 Қаңтар 2022, 20:31
4820
Бөлісу:
«Омикрон» – маусымдық ауру ма? – Елорданың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жаңа штамм туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Tengrinews ақпараттық порталының тілшісімен болған тікелей эфирдегі сұхбатта коронавирустың жаңа штамы осыған дейінгі түрлерінен қалай ерекшеленетінін, жақын арада қандай жағдай күтілетінін және омикрон штамы қалай емделетінін түсіндірді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Тимур Мұратовтың айтуынша, «омикрон» жұқтырған адам коронавирустың өзге штамдары секілді иіс-дәм сезу қабілетін жоғалтпайды.

Омикрон жағдайында әдеттегі ЖРВИ немесе маусымдық тұмау айтарлықтай төмендеді. Байқағанымыздай, «омикрон» кезінде адам иіс-дәм сезу қабілетін жоғалтпайды, бұл тек алдыңғы штамдарға тән. Егер адамда өзге ауыр созылмалы аурулар болмаса, онда өкпенің зақымдануы болмайды, сол сияқты тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты проблемалар болмайды. Бұған объективті дәлел ретінде мынаны айтуға болады – қазір стационарда 1300-ден астам адам бар, оның ішінде 23 адам ӨЖЖ аппаратында. Бұл пациенттер бұрынғы «Дельта» штамын жұқтырған, ол әлі толығымен жойылмаған, – деп түсіндірді Тимур Мұратов.

Журналистің «Омикронды» ЖРВИ-ден қалай ажыратуға болады деген сұрағына қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ПТР тестілеу арқылы ғана екенін, басқа жолы жоқ екенін атап өтті.

Штамдарды анықтау өте күрделі технологиялық процесс, бірақ омикрон дельта немесе ең алғашқы ухань штамы сияқты аса ауыр емес. Ал қазір көптеген адам неліктен ауырып жатқандығы туралы айтсам, күз-қыс мезгілдерінің өзі өткір вирустық инфекциялар кезеңі екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, қазір табиғатта және жалпы біздің қалада «омикрон» штамы таралуда. Жылдың басынан бері 27 қаңтарға дейін 72 мың оң ПТР тестін анықтадық. Мұндай қысқа мерзімде инфекцияның ерекше өсуі ешқашан болған емес. Бұл өте жұқпалы ауру, тез әсер етеді. Адамның осыған дейін ауырғанына немесе вакцинацияланғанына қарамайды. Дегенмен, вакцинацияланған адам және иммунитеті бар адам оны әлдеқайда жеңіл өткізеді. Егер вакцинация болмаса жағдай әлдеқайда қиын болар еді, – деді Мұратов.

Сондай-ақ эфирде «омикронды» өз бетінше емдеуге бола ма деген сұрақ та қойылды. Өз кезегінде дәрігер мұндай емделу жолын кеңес етпейтіні айтты.

Өзім емделемін» деген сөз маған ұнамайды. Жалпы, өз бетімен емделу денсаулыққа зиян. Егер сіз денсаулығыңыз күннен күнге нашарлап бара жатқанын байқасаңыз уақыт жоғалтпай дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Жалпы алғанда, С немесе Д дәрумендерімен ағзаны қоректендіру керек. Сонымен қатар көптеген адам мемлекеттік құрылымда жұмыс істемейтін дәрігерлерден «телефон кеңесін» сұрайды. «Жекеменшік» емдеу жалпы қабылданған емдеуден өте алыс. Көптеген гормондар, таблеткалар тағайындалып жатады. Препараттар басқа инфекцияларға көмектесуі мүмкін, бірақ КВИ-ге емес. Бұл жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, – деді Тимур Мұратов.

Өзгелердің жаңалығы