Омикрон. Басқа штамдардан айырмашылығы қандай?

17 Қаңтар 2022, 12:20
1643
Бөлісу:
Омикрон. Басқа штамдардан айырмашылығы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді тағы да әбігерге салып жатқан коронавирус инфекциясының жаңа штамы – «Омикрон» туралы деректер аз екені белгілі. Десе де, мамандар штамды аса жұқпалы деп дабыл қағуда. Сонымен, «Омикрон» туралы не білеміз?

Омикрон – 50-ден астам мутацияға шалдыққан, S-дәнекер ақуызда 32 мутация анықталған. 

• Omicron вирустың жұқпалылығының 3 есе көбеюімен өзгешеленіп отыр. Сондай-ақ ол ауырсыну бір уақытта төмендеген кезде вакциналарға аса тұрақтылық танытқан.  
• Omicron «Дельта» штамымен салыстырғанда, қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. «Дельтада» инкубация уақыты 5 күн болса, «Омикронда» 2 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Ал өзге штамдарда бұл кезең 14 күнге дейін ұлғайған.  
• Бұл штамм өте тез тазалады. АҚШ пен Еуропа өңірлерінде ол басымдылыққа ие болып отыр. Күн сайын індет жұқтыру көз ілеспес жылдамдықпен артуда. ДДСҰ «Омикрон» әлемнің 100-ден астам елінде табылғанын хабарлады.  
• «Омикрон» штамының жаһандық таралуы – уақыттың еншісіндегі мәселе.

Клиникалық көріністері 

• Omicron тудырған инфекциялардың басым көпшілігі – бұл симптомсыз түрде немесе суық тиюдің жеңіл ағымы ретінде байқалады. 
• Оңтүстік Африкадан келген хабарларға сүйенсек, пациенттердің 80%-ы «Омикронды» жұқтырған соң алдыңғы штамдарға қарағанда, ауруханаға сирек жатқызылады. 
•  Omicron штамын жұқтырып алған жағдайда аурудың ағымы көбінесе егде жастағы адамдар мен созылмалы инфекциялық емес диагноздары бар науқастарда кездеседі. 
• Ауру жұқтырғандардың жалпы саны артқан кезде, тіпті, ауыр ағымдардың пайызы өте төмен деген күннің өзінде пациенттер ауруханаға көп жүгінеді. Бұл өз кезегінде аурухана секторына кезекті жүктеменің артуына алып келеді.   

Есте сақтайтын жайт! Дерттен айыққандардың 20%-да ұзақ уақыт оңалтудан өтуді талап ететін постковидтік жағдай орын алуы әбден мүмкін. Дәрігерлер тіпті, постковидтік пандемияның туындауы ықтимал деп отыр. Сол үшін барынша «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» абзал.

 

Өзгелердің жаңалығы