Омикрон. Астанада балалар жаппай ауырып жатыр

19 Қаңтар 2022, 16:48
1929
Бөлісу:
Омикрон. Астанада балалар жаппай ауырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астанада эпидемиологиялық жағдай індеттің өсуіне байланысты шарықтау шегіне жетті. Балалар арасында да ауру өршіп тұр деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Коронавирус инфекциясының аурушаңдық көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,8 есеге, яғни 1185,4-тен 2992,6-ға дейін өскен.

Жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 17 жасқа дейінгі балалар арасында 4306 жағдай тіркелген. Бұл жалпы аурушаңдықтың 10,7%-ын құрайды. Олардың ішінде 2579 балада симптомды, бұл 59,8%-ға тең. Ал симптомсыз түрі 1727 балада анықталды, бұл 40,2%-ды құрайды. Олардың ішінде балалардың  1,1%-ы ауруханаға жатқызылды, - деп атап өтті ведомствода.

Бір тәулік ішінде 4874 алғашқы зертханалық расталған жағдай тіркелген. Зертханалық расталған жағдайлардың ішінде 1074-і – симптомды, 3800-і – симптомсыз. Өсім 2,5%-ға жеткен. Репродуктивтік саны – 1,478-ге тең.

Талдау кезінде балалар арасында аурушаңдықтың өсімі байқалып отыр. Аурушаңдықтың ең жоғары деңгейі мектеп жасындағы балаларда кездесуде. Ол 54,8%-ды құрайды. Қалған 35,3% ұжымдарда, 9,9%-ы жасөспірімдер арасында анықталды.

Оқу жылы басталғалы 4682 оқушы ауырыпты. Қысқы каникул уақытында 701 оқушы індетке шалдыққан. Бұл жалпы ауырған оқушылардың 14,9%-ын көрсетті. Ауырып қалған балалармен байланыста 25175 адам болған. Олардың 24899-ы тексеруден өтіп, 474 адамда оң нәтиже шықты.

Өзгелердің жаңалығы