Омбыда Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

22 Қыркүйек 2020, 16:25
1657
Бөлісу:
Омбыда Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың соңына дейін «Отандастар қоры» Қырғызстанда, Өзбекстанда, Германияда, Түркияда Abai Uii атты тағы 4 қазақ мәдени-іскерлік үйін ашуды жоспарлап отыр.

2020 жылғы 22 қыркүйекте «Отандастар қоры» КЕАҚ Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің және РФ Омбы облысы Үкіметінің қолдауымен онлайн-форматта Омбы қаласында Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.

Омбыда Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының өкілдері, сондай-ақ, «Отандастар қорының» басшылары, «Омбы қазақтары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және т. б. қатысты.

Омбыда Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

Кездесу аясында қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ Ресейдегі қазақтардың мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Жиын барысында Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің қазақ мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, шетелдегі отандастармен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайту бойынша мақсаттары мен міндеттері айтылды, - делінген хабарламада.
Омбыда Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

Сондай-ақ, 2020 жылдың соңына дейін «Отандастар қоры» Қырғызстанда (Бішкек қ.), Өзбекстанда (Ташкент қ.), Германияда (Берлин қ.), Түркияда (Стамбул қ.) Abai Uii атты тағы 4 қазақ мәдени-іскерлік үйін ашуды жоспарлап отыр.

Омбыда Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

Өзгелердің жаңалығы