17 қарашада Астанада «Қазақстан Республикасындағы азаптаулар мен қатыгездікпен күрестің өзекті мәселелері: халықаралық және ұлттық өлшемдер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өңірлік бөлімшелерінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында ҰАТ қатысушыларының алдын алу бағытындағы жұмыстарының нәтижелерін, сондай-ақ ұсталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелерін көрсететін 2022 жылға арналған ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жиынтық есебінің таныстырылымы өтті.
Осы орайда пенитенциарлық, арнайы уақытша оқшаулау мекемелеріндегі, медициналық, әлеуметтік және балалар орталықтарындағы азаматтардың да құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты көрсеткіштер қамтылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев өз сөзінде БҰҰ-ның Азаптауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы орындау мақсатында Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі осыдан 10 жыл бұрын енгізілгенін атап өтті. Ол баяндамашылар тарапынан қолдау тапқан Жиынтық есеп бойынша кең көлемде түсініктеме беріп, үлкен қызығушылықпен тыңдалды.
Іс-шараға шет мемлекеттердің елшілері, Президент Әкімшілігінің, Конституциялық соттың, Парламенттің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Қорғаныс, Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелері атсалысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 568 профилактикалық бару жүргізілді, нәтижесінде ҰПМ қатысушыларымен 3 183 ұсыным берілді. Олардың көпшілігі аяқталды, әлі де көп нәрсе істеу керек.