Омар Сатаев ересектер арасындағы Азия чемпионатында алғаш рет жүлде алды

26 Наурыз 2025, 23:48
300
Бөлісу:
Омар Сатаев ересектер арасындағы Азия чемпионатында алғаш рет жүлде алды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақта күш сынасқан Омар Сатаев Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз финалда ирандық құрдасы Мұхаммед Әзиз Нагхаусиден жеңіліп қалды. Есеп: 1-3.

Ұлттық құрама спортшысы бүгін күндізгі сессияны ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея және Жапония өкілінің жауырынын жерге тигізген.

Еске сала кетейік, Мұхаммед Әзиз былтыр қазанда 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған (82 кг). Сондай-ақ жасөспірімдер арасында құрлықтың үздігі.

Ал Омар осыдан 3 жыл бұрын Бахрейндегі жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Осымен грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы