Омандық сарапшылар Қазақстанның экономикалық бағытымен танысты

29 Қыркүйек 2023, 08:24
824
Бөлісу:
Омандық сарапшылар Қазақстанның экономикалық бағытымен танысты
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Оман Сұлтандығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ғылыми, сарапшы-талдау ортаның өкілдері мен жергілікті журналистер қатысты.

Өз сөзінде Қазақстанның Омандағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы омандық сарапшыларды ҚР Президенті Жолдауының негізгі мазмұны туралы хабардар етті және Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі мәлімделген жоспарлар аясында Қазақстан-Оман қарым-қатынастарын одан әрі дамыту әлеуетін атап өтті.

Сонымен қатар, аталған Жолдау – елдің дамуы үшін өзекті міндеттерді шешуге бағытталған экономикалық шаралардың нақты кешені екендігіне назар бөлінді.

Қазақстандық тараптың шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, көлік-логистикалық саланы және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі күш-жігері дөңгелек үстелге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Іс-шараның қорытындысында Омандық «Asdaa Oman» басылымының бас редакторы Әли әл-Хасани Жолдауды шынайы деп сипаттап, Қазақстанның экономикалық дамуын арттыруға әлеуеті зор деп пайымдады.

Өзгелердің жаңалығы