Оманды 50 жыл басқарған сұлтан көз жұмды

11 Қаңтар 2020, 11:07
2062
Бөлісу:
Оманды 50 жыл басқарған сұлтан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. 1970 жылдан бері Оманды басқарып келген 80 жастағы сұлтан Кабус бен Саид жұма күні кешке ұзаққа созылған ауруынан көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Аталған елдің сұлтандығында үш күн аза тұту жарияланған. Бұл күндері қоғамдық, жеке мекемелер мен ұйымдар жұмыс істемейді. Сұлтанды жерлеу сенбі күнге жоспарланған.

Кабус бен Саид 1940 жылы сұлтан МаскатаСаид бен Таймур отбасында өмірге келген. Британия Королдігіндегі әскери академияда білім алып, екі жыл британдық әскерде жаяу батальон сапында болған. Кейін Германиядағы штаб басшылығы курсын оқыған және Ұлыбританиядағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін меңгеру бойынша арнайы дайындықтан өткен.

1965 жылы әкесінің бұйрығы бойынша үйқамаққа жіберілген. 1970 жылдың шілде айында сарайда төңкеріс жасау арқылы билікке келген. Арада бір ай өткенде Кабустың бастамасымен Маскат сұлтанаты Оман болып өзгертілді.
Өзгелердің жаңалығы