Олжас Сүлейменов: Қазақстан көпұлттылығын сақтауы керек

23 Сәуір 2020, 21:59
4428
Бөлісу:
Олжас Сүлейменов: Қазақстан көпұлттылығын сақтауы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Респуликасында Президент институтының құрылғанына 30 жыл толуына орай белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов институттың құрылуы, қалыптасу кезеңдері, жетістіктері жөнінде пікір білдірді.

Ол елден жырақта жүрсе де, Президент сайлауына ұшып келіп, қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беруге шақырған.

Ел президенті сайланған жылдары мен Мәскеу қаласында жұмыс істедім. Арнайы Қазақ КСР президенттік сайлауына Мәскеуден ұшып келдім. Менің есімде болса, сайлау қазан айында Жоғарғы Кеңесте өткен сияқты, - деп еске алды қоғам қайраткері strategy2050.kz сайтына берген сұхбатында.

Ол сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынып, оған мінездеме де бергенін жасырмады.

Назарбаевтың жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық қасеті бар, бұдан бөлек 6 жыл Үкіметті басқарды. Сонымен қатар бірнеше жыл Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің басшысы болды, әрі түрлі халықаралық ортада жұмыс істеді. Мен халықты Назарбаевқа дауыс беруге шақырдым, - дейді ол.

Олжас Сүлейменов дәл сол жылдары антиядролық одақ құрылып, елдерді ядролық қарудан бас тартуға шақыратын клуб құру қолға алынып жатқанын айтты.

"Невада-Семей" қозғалысының халықаралық қозғалыстармен тығыз байланысы арта түсті. Біз сол кезде жаһандық антиядролық одақ құрып, клубқа мүше мемлекеттерді ядролық қарудан бас тартуға шақыратын клуб құруды қолға алдық, - дейді ақын.

Институт пен Президенттің жеткен жетістіктеріне тоқталған Олжас Сүлейменов Кеңес Одағы құлағаннан кейін жас мемлекетке тез арада аяққа тұру маңызды болғанын тілге тиек етті.

Алдымызда құрдымға кеткен кеңес экономикасынын ұлттық экономиканы қалыпқа келтіру, өзіндік интеллектуалды рухани ортаны қалыптастыру міндеті тұрды. Мұның бәрін барлық деңгейдегі біртұтастық институттың көмегімен ғана жасауға мүмкіндік болды. Кейбір ТМД елдері де осы жолды таңдады. Қазақстанда сияқты оларда да сәтті жүзеге асты. Алайда, кей мемлекеттер тез арада басқарудың демократиялық формалары мен әдістерін енгізуге тырысқандықтан, ыдырау жалғаса түсті. Қазақстан біздің бақытымызға орай мұндай келеңсіздіктерден аман өтті, - деді ол.

Сөзін Қазақстан көпұлттылығын сақтауы керек, деп түйіндеген ол:

Біз тек республикамыздың көпұлттылығын сақтаған жағдайда ғана жетістікке жетеміз. Біз өте толерантты мемлекетпіз. Бұл туралы Қазақстанның әр азаматына айтылуы керек, - деді.
Өзгелердің жаңалығы