Олжас Сүлейменов ТМД сыйлығына ие болды

22 Желтоқсан 2021, 11:49
1411
Бөлісу:
Олжас Сүлейменов ТМД сыйлығына ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам қайраткері , ақын Олжас Сүлейменов "Достық жұлдыздары" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабаралады.

«Достастық жұлдыздары» – ТМД-ның гуманитарлық саладағы жоғары жетістіктері үшін берілетін марапат.

Оның иегерлерінің арасында ММХҚИ ректоры, Ресей Ғылым академиясының академигі Анатолий Торкунов, Ресей-армян университетінің ректоры Армен Дарбинян (Армения), физик ғалымдардың авторлық ұжымы: Александр Тузиков, Сергей Золотой және Сергей Кореняко (Беларусь), Астрофизика институтының директоры Гүлчехра Кохирова (Тәжікстан), ұлттық ғылым академияларының президенттері Мұрат Жұматаев (Қырғызстан) және Ион Тигиняну (Молдавия) бар. Сондай-ақ, сыйлық иегерлерінің арасында Қазақстан жазушысы Олжас Сүлейменов, Әзербайжанның опера әншісі Эльчин Әзизов және Өзбекстанның эстрада-симфониялық оркестрінің жетекшісі Мансұр Ташматов бар.

Гуманитарлық саладағы ең жоғары жетістіктері үшін ТМД бас марапатының иегері қазақстандық қоғам қайраткері, ақын, жазушы, дипломат және әдебиеттанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР Халық жазушысы, "Невада – Семей" антиядролық қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы, ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Олжас Сүлейменов болды.

Өзгелердің жаңалығы