Олжас Бектенов туралы сандар не дейді

7 Ақпан 2024, 16:41
2718
Бөлісу:
Олжас Бектенов туралы сандар не дейді
Фото: baq.kz

Нумеролог Құралай Бақыт премьер-министр Олжас Бектеновтің туған жылына қарап оның қандай адам екенін болжап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Күні кеше Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-министр қызметіне Олжас Бектенов тағайындалған болатын. Жағымды жаңалықты ести сала, нумеролог Құралай Бақытқа хабарластық.

-Құралай ханым, сандар премьер министр болмысын қалай сипаттайды?

-Өте патриот кісі екен. Логикасы жақсы, дипломат. Идеясы көп, креативті адам. Жұмысында нақтылықты жақсы көреді, ізденімпіз тұлға. Мақсаттары биік және оған талпынысы да жоғары.

-Не күтеміз?

-Ісіне тиянақты, қауіпсіздікті баса назарға алады. Сандар бойынша биылғы жыл сәтті жыл болып есептеліп тұр. Дегенмен энергетикасы бойынша келесі жасында түсу бар.

-Басқа саясаткерлермен ұқсастығы бар ма?

-Сандар бойынша Иманғали Тасмағанбетовке ұқсастығы бар. Тіпті жұлдыздары да бірдей.

-Тың ақпараттар үшін алғыс білдіремін.

Өзгелердің жаңалығы