«Өлтірілген қар барысы». Шын мәнінде не болды?

19 Желтоқсан 2020, 18:11
3821
Бөлісу:
«Өлтірілген қар барысы». Шын мәнінде не болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эколог Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіде ер адам суретке түскен қар барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол бұл жағдай 2020 жылы 4 мамырда Қырғызстанның Нарын облысында болғанын атап өтті.

Нарын ауданы, Эмгек Талаа ауылының жергілікті тұрғыны Жолдошбек Мурсакматов Тескей-Торпо асуындағы фермасында бұзауын жеп жатқан кезде жабайы аңды ұстап алады. Жергілікті тұрғындар бұл туралы қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігіне хабарлады, - деді Ділдахмет.

Табылған жерге дереу мемлекеттік Қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы агенттігінің Биоалуантүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар департаменті қызметкерлерінің жедел тобы келген.

Ветеринарлармен бірге олар сол күні барыстың денсаулығын тексерді. Бұл кәрі қар барысы болып шықты. Өзі бір аяғын ақсап басатын, көзі нашар көретін жануар екен. Қар барысы денсаулығына және жасына байланысты өздігінен аң аулай алмай, малға шабуыл жасаған. Қызметкерлер қолға түскен барысты Ыстықкөл облысының Ананьево ауылындағы НАБУ-Қырғызстан оңалту орталығына жеткізді, - дейді эколог.

Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің хабарлауынша, бұл қар барысының жағдайы жақсы. Ветеринарлардың үнемі бақылауында.

Бұған дейін интернетте өлтірілген қар барысымен түсірілген фотосурет таралып жатқаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы