Олқылықты жою керек – Аймағамбетов терминдердің аудармасы туралы

28 Сәуір 2022, 18:04
1589
Бөлісу:
Олқылықты жою керек – Аймағамбетов терминдердің аудармасы туралы
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Терминдерге қатысты олқылықты жою керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері» атты дөңгелек үстелде айтты.

Бүгінгі таңда отандық ғалымдар колледж және ЖОО-ға арналған қазақ тіліндегі оқулықтарды жазып жатыр. Әсіресе темір-терсектің «тілін» қазақшалау аса маңызды. Бұл бағытта жұмысты жалғастыру қажет, - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр балаларды кітап оқуға баулитын «Оқуға құштар мектеп» арнайы бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

2021 жылы мектеп кітапхаларына 2 млн-нан астам көркем әдебиет сатып алдық. Бұл көптен бері болмаған жұмыс болды. Балалар мектеп кітапханасына бармайды, кітап оқымайды деп жатады. Егер кітапханада жеткілікті деңгейде қызықты әрі заманауи кітаптар болмаса, әрине балалардың кітап оқуы екіталай. Сол себепті жоғарыда аталған арнайы жобаны балаларға кітапты оқуға баулу үшін іске асырып жатырмыз, - дейді БҒМ басшысы.

Министрдің сөзінше, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға қатысты келесі мәселе – терминология. 

Терминдерге қатысты басты мақсат – бірізділіктің болуы. Себебі кейбір терминдерді әр жер әртүрлі аударып жүр. Осы олқылықты жою керек. Бұл мақсатта біздің комитет жұмысты бастап кетті. Терминологияға қатысты ұсыныстарыңыз болса, қарауға әзірміз, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы