Олимпиаданың ашылуында ғана емес, ойында да лайықты өнер көрсеткім келеді – Ольга Рыпакова

25 Шілде 2021, 17:13
3090
Бөлісу:
Олимпиаданың ашылуында ғана емес, ойында да лайықты өнер көрсеткім келеді – Ольга Рыпакова
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан командасының туын көтеріп шыққан жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға жапониялық Twitter қолданушылары «Олимпиада ханшайымы» деген атақ берді. Қазақстандық спортшы өзін жаңа рөлде қалай сезінетінін айтып берді.


Негізі мен бұған аса мән беріп қарамадым. Біздің киім үлгілеріміз жапондық және қытайлық көрермендің қызығушылығын тудырған болуы керек. Сол себепті олар біздің киімдерімізді белсенді талқылап, компьютерлік ойындардың кейіпкерлерімен теңестірді. Шын мәнінде мен ондай ойындар туралы білмейді де екенмін. Сондықтан бұл мен үшін күтпеген жайттан бөлек, түсініксіздеу болды (күлді), - деді спортшы.

Олимпиаданың ашылуында ғана емес, ойында да лайықты өнер көрсеткім келеді – Ольга Рыпакова


Олимпиаданың ашылуында ғана емес, ойында да лайықты өнер көрсеткім келеді – Ольга Рыпакова


Ол негізгі міндеті – жарыста өнер көрсету екенін атап өтті.


Салтанатты ашылу рәсімі болып кетті. Енді менің бар ойым мен көңіл-күйім Олимпиадада. Олимпиаданың ашылуында ғана емес, ойынның өзінде лайықты дәрежеде Қазақстанның атын танытып, жақсы нәтиже көрсеткім келеді, - деп атап өтті Ольга Рыпакова.

Олимпиаданың ашылуында ғана емес, ойында да лайықты өнер көрсеткім келеді – Ольга Рыпакова


Сонымен қатар Рыпакова Олимпиадалық ауылда жағдай тұрақты екенін айтты.


Бәрі тыныш. Олимпиаданың барлық ойыншысы енгізілген талаптарды сақтап отыр. Санитарлық жұмыстар жүргізіліп, барлығы маска тағып жүр. Тек тамақтанатын және жаттығу жасайтын кезде ғана масканы тақпаймыз. Күнделікті таңертең антиген тестін тапсырамыз. Барлығы жауапкершілікпен қарайды, - дейді ол.

Олимпиаданың ашылуында ғана емес, ойында да лайықты өнер көрсеткім келеді – Ольга Рыпакова


Спортшы пандемия жағдайында Олимпиада ойындарын өткізудің қиындығына да тоқтала кетті.


Дегенмен қолайсыздық туралы айтып жатқан спортшылар туралы естідім. Мысалы, транспорттың жоқтығы немесе жатын орынның ыңғайсыздығы. Алайда біз Олимпиада ойындарына жайлы жағдай іздеп келген жоқпыз. Жарыс, өнер көрсетіп, нәтиже үшін келдік. Десе де спортшыларға қажетті қолайлы жағдай жасалған. Жапон халқына осындай қиын жағдайда ауқымды шара өткізіп отырғандары үшін алғыс айтып, сыйластық таныту қажет деп есептеймін, - деп айтты Рыпакова.

Оның сөзінше, жарысқа келген спортшылардың алдына оңай мақсат-міндет қойылып отырған жоқ. Осындай ауқымды жарыста ел намысын қорғау үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап, қойылған міндетті орындауға тырысатындарын атап өтті.


Ең алдымен өз күшіңе сену қажет. Қорқыныш-үрейге бой алдырмай, өзіңе сеніп, бар күшіңді салу қажет. Бұл спортшының өзін ұстауындағы басты ережелер деп есептеймін. Дегенмен тек спортта ғана емес, әскерилер, мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, яғни кез келген салада өзіңе сеніп, міндеттерін орындау қажет болатын жағдайлар кездеседі, - дейді қазақстандық спортшы.

Ол Қазақстандағы жанкүйерлері спортшыларға қолдау білдіріп, эмоционалды-рухани жағынан көмектесуді сұрады. Себебі мұндай жарыстарда отандастардың қолдауы әрдайым қажет екенін айтты.


Өзгелердің жаңалығы