Олимпиадалық рейтинг: Сметов үздік үштікте

7 Қаңтар 2020, 05:33
20814
Бөлісу:
Олимпиадалық рейтинг: Сметов үздік үштікте
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-25 қаңтар күні Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан биылғы маусымның шымылдығын түретін Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келідегі Елдос Сметов олимпиадалық рейтингте үздік үштікті тұйықтап тұр. Ол жапониялық Нагаяма Рюю мен өзбекстандық Шарафуддин Луфтиллаевты алға жіберген.

Ғұсман Қырғызбаев 8- орында. 66 келіде Ерлан Серікжанов 13- сатыда тұр. Ал Елдос Жұмақанов 20-шы орынға төмендеген. 73 келідегі Жансай Смағұлов 25-, 81 келідегі Дидар Хамза 29- орында. Осы салмақта сынға түсетін Руслан Мұсаев 49- сатыда. 90 келідегі Ислам Бозбаев 18-орында. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев әзірге 35- орында тұр.


Өзгелердің жаңалығы