Олимпиадаға іріктеу: Асланбек Шымбергенов ширек финалда жұдырықтасады

11 Наурыз 2024, 06:20
329
Бөлісу:
Олимпиадаға іріктеу: Асланбек Шымбергенов ширек финалда жұдырықтасады
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Бусто-Арсицио (Италия) қаласындағы іріктеу турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асланбек түркіменстандық жас боксшы Байрамдұрды Нұрмұхамедовты аса тартысты жекпе-жекте жеңді.

Бірінші раундты Шымбергенов сенімді түрде ұтқанымен, екінші раундта түркімен боксшысы 3:2 есебімен өз пайдасына жазды.

Шешуші раундта да екі боксшы барын салды. Нәтижесінде, Асланбек Шымбергенов келесі кезеңге өтті.

Өзгелердің жаңалығы