Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы тағайындалды

30 Қаңтар 2019, 13:10
2073
Бөлісу:
Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков қызметінен кетті. Ол бұдан былай Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы қызметін атқарады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

"Сәкен Жүнісбекұлымен біз біршама уақыт қызмет атқардық, осы уақыт аралығында ол өзін спорт саласының нағыз білікті маманы ретінде көрсете білді. Оның жинақтаған тәжірибесі мен білімі олимпиадалық комитеттің бұдан да биік шыңдарды бағындырып, кәсібилігінің артуына, дамуына ықпал етеді деген сенімдемін" - делінген министрдің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Сәпиевтің депутаттықтан кетіп, жаңа қызметке тағайындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы