Олимпиада жүлдегері Серік Сәпиевке роликті қазақша түсірмегені үшін ұрысып тастады

9 Ақпан 2021, 12:51
4705
Бөлісу:
Олимпиада жүлдегері Серік Сәпиевке роликті қазақша түсірмегені үшін ұрысып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев әлеуметтік желіде қазақстандықтарды спортпен айналысуға шақырып ролик жүктеген.

Министрлік түсірген роликте комитет басшысы жиналған топтың алдында тұрып: «Барлық спорт жанкүйерлері спортпен айналысыңыздар, салауатты өмір салтын ұстаңыздар! Алға Қазақстан! деп» ұран тастайды.

Осы роликтің астына пікір қалдырғандар арасында бір кездері Серік Сәпиевпен бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына бірге қатысқан Еркебұлан Шынәлиев пікір білдірген.

Серік сонда осы айналдырған 3-4 сөйлемді қазақаша айта алмайсың ба? Ондай болса спорттағы сен сияқтылар қазақша сөйлеп үйренетін курсқа бару керек, - деп пікір жазды Еркебұлан Шынәлиев.
 

Айта кетейік, Еркебұлан Шынәлиев бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының және Чикагода өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Өзгелердің жаңалығы