Олимпиада да алтын алуы мүмкін қазақ боксшысының есімі аталды

18 Шілде 2021, 15:55
3811
Бөлісу:
Олимпиада да алтын алуы мүмкін қазақ боксшысының есімі аталды

Алматы, BAQ.KZ. Ресейлік "неКАРАтэ" Youtube-каналында Токио Олимпиадасындағы қазақ боксшыларының әлеуеті жайлы сөз қозғалды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Канал авторы 69 келі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіповты алтын алқа алуда мүмкіндігі жоғары деп бағалады.

Абылайхан Жүсіпов – 69 келіде. Бұл жігітке өте үлкен үміт артылуда, оның жауапкершілігі де жоғары. Менің ойымша, бұл салмақ қазақтарда қалады, - дейді канал авторы.

Айта кетсек, боксшы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері және Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Өзгелердің жаңалығы