Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірінші күннің бағдарламасында әйелдер арасында скиатлон сайысы (10 шақырым + 10 шақырым) өтті.
Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы жарыс жолына шықты. Ксения Шалыгина 53-орынға табан тіресе, Надежда Степашкина 60-орынды иеленді.
Олимпиаданың алтын жүлдесін Швеция спортшысы Фрида Карлссон жеңіп алды. Екінші орында да швециялық Эбба Андерссон тұрса, қола жүлде Норвегия өкілі Хейди Венгке бұйырды.