Олимпиада-2026: Қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті

Қазақстандық шаңғышылар 15-орынды місе тұтты.

 ҰОК/Тұрар Қазанғапов Кеше 2026, 18:47
Кеше 2026, 18:47
797
Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында бұл сында ел намысын Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко қорғады.

Қазақстандық шаңғышы қыздар 15-орынға ие болды.

Жарыста Норвегия құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын Швецияға бұйырды. Финляндия үшінші болып мәреге жетті.

Наверх