Олимп тест алуды уақытша тоқтатады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимп клиникалық-диагностикалық зертханасы 3 күнге ПТР талдау алуды тоқтататынын мәлімдеді.</h4>

 18 Маусым 2020 2020, 15:35
18 Маусым 2020 2020, 15:35
2058

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимп клиникалық-диагностикалық зертханасы 3 күнге ПТР талдау алуды тоқтататынын мәлімдеді.

Мекеменің Ғacebook-тегі парақшасында маусымның 19-21 аралығында тест алу уақытша тоқтатылатыны жазылған.
Құрметті пациенттер, 19 және 21 маусым аралығындағы қоса алған күндері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы зертханаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы орайда коронавирусқа ПТР талдау алу жүзеге асырылмайды. 22 маусымда коронавирусқа ПТР талдау алу қайта жалғасады. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген жазбада.

Наверх