"Олимп" букмекерлік кеңсесіне 145 млрд теңге салық салынды

18 Желтоқсан 2019, 11:45
2177
Бөлісу:
"Олимп" букмекерлік кеңсесіне 145 млрд теңге салық салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша "Олимп" сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын "Олимп.kz" букмекерлік кеңсесі" ЖШС және "Alpha-bet" ЖШС қызметінде тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тексерісті Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті 5 ай бойы жүргізілді, соңғы 5 жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылды.
"Букмекерлік кеңсесі" ЖШС өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша "Олимп.kz" ЖШС - 62 млрд теңге, ал "Alpha-bet" ЖШС - 83 млрд теңге есептелді, - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, Ұлттық қауіпсіздік органдары прокуратурамен бірлесе отырып, ақша қаражатын Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз шығару арналары анықталып, бұғатталды.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Onlybet" ЖШС және "Alpha-bet" ЖШС лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, - деді ведомствода.
Мүдделі ведомстволардың бірлескен жұмысы мемлекет басшысының көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілді.

Алматы қаласы прокуратурасының жанындағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде көлеңкелі экономикамен күрес бойынша өзара іс-қимыл және әдістер талқыланды.

Нәтижесінде соттарға 80 млрд теңгеден астам сомаға күмәнді компаниялар жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 630 талап арыз түсті, 200 млрд теңгеден астам айналымымен "бір күндік" белгілері бар 150 фирма анықталды, заңсыз ойын бизнесінің 50 нүктелерінің қызметі жойылды, 120 автомат тәркіленді, екі ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, - делінген хабарламада.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдағы қызметті үйлестіру жөніндегі жұмыс Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.


Өзгелердің жаңалығы