Олигарх бір сәтті 11 вилласынан айырылды

1 Қыркүйек 2022, 23:18
1467
Бөлісу:
Олигарх бір сәтті 11 вилласынан айырылды

Италия билігі ресейлік олигарх Вячеслав Кантордың ел аумағындағы 11 вилласын мемлекет қарауына алды, – деп хабарлайды BAQ.KZ  Dalanews.kz сілтеме жасап.

Бұл жайындағы ақпаратты L’Unione Sarda хабарлады. Арестке алынған виллардың арасында Италияның экс-премьері Сильвио Берлусконидің отбасына берілген жылжымайтын мүлікте бар.

Орыс олигархтарының Берлускониға сыйға тартқан вилласы Сардиния аралының солтүстік-шығысындағы куротты Порто-Ротондо қаласында ораналасқан деседі. Бір вилла Берлусконидің анасының атына жазылса, екіншісі туған інісі Паолоның мүлкі болған.

Вячеслав Кантор санкция құрығына ілігіп дүние-мүлкінен айырылған бірінші олигарх емес. Бүгінде орыстың байшыкештері Еуропадағы үй-жайы мен қымбат ұшақтарынан айырлып жатқаны белгілі.

Өзгелердің жаңалығы