Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады

12 Ақпан 2023, 22:59
1199
Бөлісу:
Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады
PHOTO
Фото: Жеңіл атлетика федерациясы

Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы BAQ.KZ Жеңіл атлетика Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиада Чемпионы әрі бірнеше дүркін жүлдегері, отандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми аяқтады. Ол бұл туралы жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионатында хабарлады.

Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады

Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын, - деді спортшы. 

Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады

Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-министрі спортшыға алхыс хат жолдады. 

Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады

Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз, - делінген Премьер-министр Алихан Смаиловтың құттықтауында.

Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

Өзгелердің жаңалығы