Ольга Рыпакова әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады

4 Қазан 2019, 09:20
2398
Бөлісу:
Ольга Рыпакова әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Ольга Рыпакова жарысты аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz. сайты жазды.

Рыпакова үш қарғып секіруден сынға түскен болатын. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы биылғы додада 14.09 метрге секіріп, финалға өте алмады.  

Қорытынды есепте Рыпакова небары 13-ші орын иеленген. 


Өзгелердің жаңалығы